Қанат Ислам WBO рейтингісінде алтыншы орында тұр

Қанат Ислам WBO рейтингісінде алтыншы орында тұр

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО), бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) ТОП-10 рейтингісіне енді.  


Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Алматыда 29-шы қазан күні өткізген болатын. Ол ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен. 

Жаңартылған рейтингіде Ислам алтыншы орында тұр. Ұйымның  чемпионы - мексикалық Сауль "Канело" Альварес. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или