Уорд Р4Р рейтингісінде Головкинды бір сатыға түсірді

Уорд Р4Р рейтингісінде Головкинды бір сатыға түсірді

WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Андре Уорд, қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді The Ring журналының Р4Р рейтингісінде төртінші орынға түсірді. 


Уорд The Ring журналының жаңартылған рейтингісінде екі  сатыға жоғарылап, екінші орынға шыққан. Ковалев үшінші орынға түссе, қазақстандық боксшы төртінші орынға жайғасты. Тізімде әлі күнге дейін Роман Гонсалес көш бастап келеді.


Сонымен қатар, WorldBoxingNews.com порталы Уордты өзінің рейтингісінде бірінші орынға шығарған. Екінші орынға Мэнни Пакьяо шықса, Гонсалес үшінші орында қалған. Головкин бұл рейтингіде де төртінші орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или