Андре Уорд: «Ковалевтен де мықты «панчерлермен» кездескенмін»
Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде IBF/WBA/WBO чемпионы америкалық Андре Уорд ресейлік Сергей Ковалевтен де мықты боксшылармен жұдырықтасқанын айтты.
«Сергейге қарсы жекпе-жек тартысты өрбіді, бірақ менің мансабымда бұдан да ауыр кездесулер болды. Мирандаға қарсы кездесуім - карьерамдағы ең қиын жекпе-жек. Эдисон - менімен кездескен ең мықты «панчер». Ковалевке қарсы оңай болмады, бірақ мен бұдан да мықты «панчерлермен» кездескенмін», - деді Уорд BoxingScene сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или