GGG-дің пікірінше, Ковалев Уордты жеңді
Қазақстандық Геннадий Головкиннің пікірінше, Сергей Ковалев пен Андре Уорд жекпе-жегі ресейлік боксшының жеңісімен аяқталды.
«Головкиннің есептеуі бойынша, Ковалев 114-113 есебімен жеңіске жетті», - деп жазды Yahoo Sports журналисі Крис Мэнникс.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік Руслан Проводников, америкалық кіші Рой Джонс және британиялық кіші Крис Юббенк Андре Уордтың әділетсіз жеңгенін айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 12 раундқа созылған Ковалев - Уорд жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша америкалық боксшының жеңісімен аяқталды. Үш рефери де 114-113 есебін тіркеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или