GGG vs SOG. Бұл жекпе-жек қаншалықты мүмкін?

GGG vs SOG. Бұл жекпе-жек қаншалықты мүмкін?

Америкалық боксшы Андре Уорд жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша жаңа әлем чемпоны атанды. 

Бұған дейін бірде-бір рет жеңілмеген Сергей "Крашер" Ковалев тартысты жекпе-жекте "Son of God"-қа (Құдайдың ұлы - Prosports) жол берді. Он екі раундқа созылған кездесудің қорытындысы бойынша үш төреші де жеңісті Уордқа бұйырды - 114:113. Мұндайды күтпеген ресейлік боксшы жекпе-жектен кейін бірден Андрені қарымта кездесуге шақырды. "АҚШ-та мен қонақпын, ал сен өз үйіндесің. Келесі жолы бір жеріңді айырамын" деп өз наразылығын білдірді Сергей.

Матч-реванштың болу-болмауы екіталай. Қос боксшының промоутерлеріне байланысты. Айта кетер жайт, бұл кездесуді тамашалау үшін арнайы Лас-Вегасқа орта салмақтың үздік боксшысы жерлесіміз Геннадий Головкин келген болатын. Уордты жақтырмайтын Гена Ковалевті қолдағаны анық. Бірақ төрешілердің әділетсіздігі ме, әлде "Крашердің" өз-өзіне тым сенімді болуы ма - бәрі жекпе-жекті емес, кездесудің нәтижесін талқылауда.

Бірден ғаламторда Сергейдің есесін Головкин қайтаруы тиіс деген әңгімелер естіле бастады. "Майқұдық тумасы "клинчтен" керемет қашатынын және жақын арақашықтықта өзін жақсы сезінетінін ескерсек, Геннадийдің Уордты ұту мүмкіндігі өте жоғары" деп жазады америкалық БАҚ. Кім біледі, келер жылы "Уорд - Ковалев 2" жекпе-жегін емес, "Уорд - Головкин" айқасын көріп қалуымыз әбден мүмкін. Альварес, Джейкобс, Сондерстер қаша беретін болса, Головкин Уордпен жұдырықтасуға мәжбүр болмақ. Әрине, басты мәселе - салмақ дәрежесінде. Головкин орта салмақта, ал Уорд жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бірақ дұрыс қаржы ұсынылса, қос боксшы супер орта салмақ дәрежесінде төбелесуге қуана-қуана келіседі. Уорд та, Головкин де кәсіпқой бокста ешкімнен ұтылмаған. Яғни, нағыз "Pound for Pound" осы кездесуді анықталмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или