Атлас: «Головкин ұлылық пен ақшаның біреуін таңдауы керек»

Атлас: «Головкин ұлылық пен ақшаның біреуін таңдауы керек»

Танымал бапкер әрі комментатор Тедди Атлас Fighthype.com сайтына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинның салмақ дәрежесін ауыстыру мүмкіндігі жайлы пікір білдірді. 

— Бұл керек пе, әлде жоқ па — оны тек боксшының өзі шешеді. Егер сен ақша тауып, орта салмақта жеңілмеген боксшы ретінде қала бергің келсе, онда салмақ дәрежесін ауыстырудың қажеті жоқ. Бәрі боксшының өзіне байланысты. «Ұлылық па, ақша ма?». Егер ол ұлы боксшы болғысы келсе, салмақ дәрежесін ауыстырып, үздіктермен жұдырықтасады. Бірақ, ол бұл қадамға баруға міндетті емес, - деді Атлас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или