Андре Уорд Сергей Ковалевті жеңген алғашқы боксшы атанды
32 жастағы америкалық Андре Уорд төрешілердің шешімі бойынша WBA/WBO/IBF чемпионы ресейлік Сергей Ковалевті жеңді.
Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа дейін созылды. Үш төреші де 114-113 есебімен жеңісті Уордқа берді.
Айта кетейік, Ковалев жекпе-жектің екінші раундында америкалық боксшыны бір рет нокдаунға түсірген. Бірақ кездесудің басым бөлігі Уордтың үстемдігімен өтті.
Бұған дейін 30 рет жеңіп, бір рет тең түскен Ковалев үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. Ал Андре Уорд болса, рингке 31 рет шығып, бәрін де жеңіспен аяқтаған. Осы жекпе-жек үшін ресейлік боксшы 2 миллион еуро алса, америкалық спортшы 5 миллион еншілейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или