Міржан Жақсылықов WBC белбеуінен айырылып қалды

Міржан Жақсылықов  WBC белбеуінен айырылып қалды
31 жастағы қазақстандық боксшы Міржан Жақсылықов Екатеринбургте өткен жекпе-жекте WBC Asian Boxing Council Silver белбеуінен айырылып қалды. 
 
Жақсылықов кәсіпқой рингке алты жыл үзілістен кейін қайта оралған болатын. Өткен жекпе-жекте Міржан ресейлік Михаил Алексеевке қарсы жұдырықтасып, белбеуін алғаш рет қорғап қалуға тырысқан. Жақсылықов осыған дейін он кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан болатын.
 
Екатеринбургтегі кездесуде Міржан қарсыласын бірінші раундта-ақ екі мәрте нокдаунға түсірген. Бірақ соңына дейін нокаутқа жібере алмады. Сегізінші раундта қазақстандық көп соққы алып, нокдаун алған. Содан кейін тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты.
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или