Дэна Уайт: «МакГрегор мамыр айына дейін жекпе-жек өткізбейді»

Дэна Уайт: «МакГрегор мамыр айына дейін жекпе-жек өткізбейді»

UFC басшысы Дэна Уайт екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Конор Макгрегордың октогонға тек 2017 жылдың мамыр айында оралатынын айтты. 

«Ол мамырға дейін жекпе-жекке шықпайды. МакГрегор жұдырықтасқан кезде оның қызы уайымға салынады. Ол қазір жүкті болғандықтан, Конор оған күтім жасағысы келеді. Бұл ештеңеге әсер етпейді. Азғантай үзіліс оған, оның әйелі мен баласына тек жақсы жағынан көмек болары сөзсіз», — деп Уайттың сөзін ESPN жеткізді.

Естеріңізге сала кетейін, МакГрегор өткен аптада Эдди Альварестен басым түсіп, UFC тарихында алғаш рет екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или