Ковалев пен Андре Уорд жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Ковалев пен Андре Уорд жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Лас-Вегаста 18 қарашада орта салмақтағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Tengrinews.kz порталының ақпаратына сүйенсек, екі боксшы да бірдей салмақ көрсетті - 175 фунт (79,4 келі).

Боксшылардың кездесуі 19 қарашада Лас-Вегаста (Астана уақыты бойынша 20 қарашада таңғы уақытта) өтеді. 33 жастағы Ковалев жекпе-жектен екі миллион доллар алса, 32 жастағы Уорд  бес миллион доллар алады. Екі боксшы үшін бұл рекордтық сома болып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или