Рой Джонс Головкиннің бапкеріне аузын жауып жүруге кеңес берді
Америкалық белгілі боксшы кіші Рой Джонс қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санческе аузын жауып жүруге кеңес берді.
«Абель Санчестің не айтқанын ұмытыңыздар. Оның айтуынша, GGG спаррингте Ковалевті құлатып тастапты, бірақ Андре Уордтың салмағы олар үшін тым үлкен деп айтады. Шынымен айтып тұрсыздар ма? Абельге аузын жапқан дұрыс. Қалайша жартылай орта салмақ боксшысымен жұдырықтасады да, бірақ Уордпен кездесу үшін бір салмаққа көтеріле алмайды», - деді Джонс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или