Фрочтің бауыры Головкинді мазақ қылды

Фрочтің бауыры Головкинді мазақ қылды

Британиялық Карл Фрочтің ағасы Ли Фроч әлеуметтік желіде Геннадий Головкинді мазақ қылды.

Естеріңізде болса, Карл мен Геннадий ғаламторда сөзге келісіп қалған болатын. Алдымен, Фроч қазақстандық боксшыны оңай жеңіп тастайтынын жеткізді, артынша Головкин оны «кезекті сайқымазақ» екенін айтты.

Енді Карлдің бауыры Ли әлеуметтік желіде Головкинге ұқсайтын адамның суретін жариялап, астына «Ол кіммен жұдырықтасты?», «Өте кішкентай» және «Күші жеткіліксіз» деп жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или