Карл Фроч: «Головкинге жұлдызды қарсылас керек

Карл Фроч: «Головкинге жұлдызды қарсылас керек

Супер орта салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы британиялық Карл Фроч қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңға шықпайтынын айтты.

«Том Леффлер мен Эдди Хирннің сұхбатын оқыдым. Онда олар Фроч - Головкин кездесуін ұйымдастырмақшымыз деді. Ең қызығы, бұл туралы маған ешкім айтпады. Бұл жаңалықты өзім ғаламтордан оқыдым. Головкинге жұлдызды қарсылас керек. Сол үшін олар менің есімімді жиі айтуда. Жуырда мен 40-қа толамын, бокстан кеткеніме екі жыл болды. Бірақ менің есімім әлі де жиі естілуде. Қазір Головкинмен төбелессем, мен оны жеңер едім. Себебі мен одан ірімін. Сондықтан бұл жекпе-жек мүмкін емес», - деді Фроч Sky Sports арнасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или