Билли Джо Сондерс: "Головкинді ұтып, төрт белбеудің иесі боламын"
Орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс ресейлік Артур Акавовпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты.
«Ұзақ уақыттан кейінгі жекпе-жегімді асыға күтудемін. Содан кейін, Головкиннің бір жерін айырамын. Жеңімпаз орта салмақтың барлық төрт белбеуіне ие болады!», - деп жазды Сондерс «твиттердегі» ресми парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Сондерс пен Акавов арасындағы жекпе-жек 26-шы қараша күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или