Головкин Фрочке: «Сен - кезекті сайқымазақсың»

Головкин Фрочке: «Сен - кезекті сайқымазақсың»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз твиттерінде британиялық Карл Фроч пен промоутерлерге пікірін жазды.

«Бұл жолы сіздерге, расымен де, мен жазып отырмын, достар. Эдди Хирн және Том Леффлер мырзалар, сәлем. Фрочке қарсы жекпе-жекке қатысты ешқандай ілгерілеу болмағандықтан, бір-бірлеріңіздің сөздеріңізді қайталай беруді доғарыңыздар. Сәлем, Карл! Кімнің сенімге лайық, кімнің лайық емес екенін өзің пайымда. Сен - көп сөйлеп, бірақ ештеңе істемейтін кезекті сайқымазақсың», - деп жазды Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, бұл боксшылардың промоутерлері Эдди Хирн мен Том Леффлер жекпе-жекке қатысты келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Ал британиялық боксшы соңғы сұхбатында Головкинді оңай жеңіп кететінін, сондықтан кездесудің болмайтынын айтты.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или