Олимпиада қаһармандары маркаға шығарылды
31-жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атын шығарған спортшылар Қазпочта маркаларына енгізілді.
Олардың қатарында алтын және күміс алған 8 спортшы бар. Атап өтер болсақ, боксшы Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, ауыр атлеттер Ниджат Рахмиов, Жазира Жаппарқұл, балуандар Елдос Сметов пен Гузель Манюрова, суға жүзуші Дмитрий Баландин бар. Аталған спортшылардың фотолары бейнеленген конверттер мен маркалар бүгіннен бастап айналымға енгізілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или