Мигель Котто 2017-ші жылы мансабын аяқтайды

Мигель Котто 2017-ші жылы мансабын аяқтайды

Белгілі пуэрто-рикалық кәсіпқой боксшы Мигель Котто (40-5, 33 КО) келесі жылы үлкен спорттан кететінін айтты.

Boxingscene сайтының мәліметтеріне сүйенсек, 36 жастағы боксшы келер жылы екі кездесу өткізіп, жыл соңында бокспен қош айтысады.

Қазіргі таңда, Коттоның командасы америкалық былғары қолғап шебері Тимоти Брэдлимен (33-2-1, 13 КО) келіссөздер жүргізуде.

Соңғы рет, Мигель шаршы алаңға былтыр мексикалық Сауль Альвареске (48-1-1, 34 КО) қарсы шыққан болатын. Аталмыш кездесу "Канелоның" жеңісімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или