Андре Уорд: «Ковалевке қарсы кездесуде әлемнің ең үздік боксшысы анықталады»

Супер орта салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық боксшы Андре Уорд ресейлік Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жек жайлы айтып берді.

«Бұл жекпе-жекті асыға күтудемін. Ковалевпен келісімге келгенімізге қуаныштымын. Мен жартылай ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болғым келеді. Ковалевке қарсы кездесуде әлемнің ең үздік боксшысы анықталады», - деді Уорд World Boxing News басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Андре Уорд пен Сергей Ковалев арасындағы жекпе-жек қарашаның 19-ы, Лас-Вегас қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или