Ресей құрамасы Паралимпиададан шеттетілгендіктен Қазақстанға бір жолдама бұйырды

Ресей құрамасы Паралимпиададан шеттетілгендіктен Қазақстанға бір жолдама бұйырды

Риода Паралимпиада ойындарында Ресей құрамасы шеттетілгендіктен Қазақстанға бір жолдама бұйырды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қазақстан құрамасы сапында 11-ші спортшы болып Шымкент қаласынан дзюдошы Құралбай Орынбасар барады.

Айта кетейік, Халықаралық паралимпиялық комитет Ресей паралимпиялық комитетін біліктілігінен айырып, Ричард Маклеран басқарған Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттігі тәуелсіз комиссиясының баяндамасын қарау қорытындылары бойынша ресейлік спортшыларды 2016 жылғы Ойындарға қатысудан шеттетті.

5-19 қыркүйек күндері Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Лондонда өткен ойындарда Қазақстаннан 7 атлет-паралимпиадашы қатысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или