Келл Брук: «Головкиннің барлық титулын өзіме алуға дайынмын»

Британиялық боксшы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекте қарсыласынан барлық титулды тартып алуға дайын екенін айтты.

«Бірінші раундта-ақ ол кездесудің оңай болмайтынын түсінеді. Ол жеңіске деген жігерді, рух күшін көретін болады. Түсініңіздер, мен рингке шыққанда, Головкиннің маған не істей алатынын емес, менің не істеуім керектігін ойлаймын. Мен оны тас-талқан етіп, барлық титулын өзіме алуға дайынмын, сөзіме сеніңіздер. Менде болатын жеңіс британиялық боксшылардың ешқайсысында болмаған», - деді Брук.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы О2 аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или