Қазақстан 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиаданың бес медалінен айырылуы мүмкін

Еркін күрестен 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында медаль алған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина палуандары медальдарынан айырылуы мүмкін.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Басылым ұсталған екі спортшының ғана аты-жөнін атап отыр. Олар - 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы өзбекстандық Артур Таймазов (120 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) және 2012 жылғы Олимпиадада күміс медаль еншілеген ресейлік Бесик Кудухов. Айта кетейік, екінші спортшы 2013 жылы жол апатынан қаза тапқан.

Бұл екі Олимпиадада еркін күрес палуандары Қазақстанға бес медаль алып берген болатын. Бейжіңде қазақстандық Таймураз Тигиев (96 келіге дейінгі) пен Елена Шалыгина (63 келіге дейінгі) күміс медаль алса, 120 келіге дейінгі салмақтағы Марид Муталимов қола жүлдені еншілеген болатын. Ал Лондонда Гүзел Манюрова (72 келіге дейін) мен Ақжүрек Таңатаров (66 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Еске салайық, ірі допинг тексерісінен кейін тыйым салынған заттар Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая, Майя Манеза, Владимир Седов, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Алмас Өтешевтерден табылған болатын. Оларды жазалау туралы шешім әлі шыққан жоқ, бірақ Қазақстан Олимпиаданың бес алтын медалінен, бір күміс және бір қола жүлдесінен айырылып қалғалы отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или