Головкин: «Брук менің алдымда қозғалыссыз қалса, жекпе-жек сол мезетте аяқталады»

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин, Келл Брукқа қарсы өтетін жекпе-жекке дайындығы жайлы айтып өтті, деп хабарлайды allboxing.ru.

«Осы жаттығу жиыны ерекше өтті. Менің бапкерім Абель Санчес жаңа жоспар мен бокстасу мәнерін ойлап тапты. Мәселе жылдамдықта. Менің ойымша, бұл мен үшін қиынға соқпайды және маған бұл пайдалы. Абель біздің аяғына дейін жететін жекпе-жекке дайындалуымыз керек деп санайды. Ол маған спарринг үшін үш мықты спортшыны таңдап алды. Брукпен өтетін жекпе-жек мен үшін өте пайдалы. Себебі, ол көп қозғалатын мықты боксшы. Бірақ ол менің алдымда қозғалыссыз қалса, онда бәрі бітеді. Егер ол қозғалыста болса, жекпе-жек уақыты созылуы мүмкін. Мүкін 8-10 раунд жұдырықтасамыз. Бәрі-бір төрешілердің шешіміне дейін жетпейді деп ойлаймын. Маған бірнеше раунд керек. Сол уақыттың ішінде мен өзіме не керектігін түсініп, жекпе-жекке қойылған тактиканы өзгерте аламын. Мен сол тактиканы таба алатыныма сенімдімін», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Брук жекпе-жегі 10-қыркүйек күні Лондонда өтеді.

Подробнее:http://vesti.kz/profi/225554/

Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или