ШҚО халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларын күтіп алды

Бүгін Өскемен әуежайында Рио Олимпиадаcына қатысқан Шығыс Қазақстан облысының спортшыларын қала халқы салтанатты түрде күтіп алды.

2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден қола медаль еншілеген Ольга Рыпаковадан басқа, ауыр атлетикадан төртінші орын алған Денис Ұланов, диск лақтырушы Евгений Лабутов, марафондық қашықтықтағы жеңіл атлет Ирина Смольникова, 400 метрге жүгіру бойынша жеңіл атлет Элина Михина және ескекші Екатерина Смирнова келді.

Әуежай ғимараты алдында спортшыларды жанкүйерлері күтіп алды.

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова қолдау білдірген жерлестеріне алғысын білдірді, олардың қолдауын Риода да сезгенін айтып, ағынан жарылды.

Спортшылар әуежайда қолтаңба таратты, кейін мотоциклшілер колоннасының алып жүруімен Металлургтер сарайындағы алаңға бет алды.

Металлургтер сарайындағы алаң алдында спортшылар тағы бір жанкүйерлер тобымен кездесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или