Сауль Альварес: «Тарихты мен жасап жатырмын. Ал GGG кіммен кездесті?»

Мексикалық Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің неліктен үлкен құрметке ие болып жүргенін түсінбейтінін айтты.

«Менің жасым 26-да, мен ең үздік боксшылармен жұдырықтастым. Әр кездесу сайын тарихты жасап жатырмын. Оның (Головкин - Авт.) жасы үлкенірек, бірақ атақты ешкіммен жұдырықтасқан жоқ. Оған енді өз мұрасы жайлы ойлау қажет. Ал мен оны ойлап, уайымдамаймын. Біздің кездесу өтеді, өтуге тиісті, бірақ ол мықты ешкіммен жұдырықтаспады ғой. Сондықтан неге оны тарих кітабына енгізесіңдер? Неліктен Головкинмен жұдырықтасқан боксшы Даңқтылар Залына енеді? Ол лайықты ешкіммен кездескен жоқ қой. Бәрі біледі, мен «А» тарабымын. Кездесу мен қалаған кезде өтеді», - деді Альварес.

Айта кетейік, Канело Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласын нокаутқа түсіретініне сенімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или