БҚО халқы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға көлік мінгізді

Орал жұртшылығы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионованы қарсы алды. Батысқазақстандық олимпиадашыларды күтіп алуға «Орал» халықарлық әуежайына жүздеген адам жиналған.

BNews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, төрт жылдықтың басты додасында ел намысын абыроймен қорғаған саңлақтарды қарсы алуға Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те келді.

Ұшақтан түскен спортшылар арасында Екатерина Ларионова, ескекшілер Алексей Дергунов пен Андрей Ергучев, жеңіл атлеттер Полина Репина мен Георгий Шейко да бар.

Әуежай ғимаратының маңында салтанатты митинг өтті. Спортшыларды күтіп алған спорт сүйер қауым жерлестеріне алғыс жаудырды.

«Сіздер – біздің батырларымызсыңдар. Біз Екатерина Ларионоваға темір тұлпар мінгіземіз. Бұған қоса, оған пәтер де беріледі. Бапкері әрі әкесі Алексей Ларионовқа 2 млн теңгеге сертификат сыйға тартылады», - деді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

Екатерина Ларионова өзін құшақ жая қарсы алған жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Мен өз елімді және туған қаламды жақсы көремін. Менің тілеуімді тілеп, қолдау көрсеткен жандарға ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті Олимпиаданың қола жүлдегері.

Батысқазақстандық олимпиадашыларға плазмалы теледидарлар тарту етілді. Екатерина Ларионовоға KIA Sportage көлігінің кілті табысталды. Салтанатты рәсімнен кейін лимузинге отырған спортшылар Орал көшелерімен жүріп өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или