Биыл «Еуразия барысы» алғаш рет «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді

Қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі 2016 жылдың 2-ші қазанында 12 мың орындық «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Аталған турнир Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Сайысқа 8 елден, 130 қатысушы келеді деп жоспарланған.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, трансляциялар «Қазспорт» және «Боец» каналдарынан жүргізіледі. «8 елдің ең мықты балуандары «Еуразия барысы» атану үшін сайысқа түседі. Біз, Алматы қаласы өзінің 1000 жылдық тойында осындай мәртебелі жарысты қабылдайтынына қуаныштымыз. Сондай-ақ, бұл жаңа спорт кешені «Алматы Аренада» өтетін ең бірінші халықаралық турнир болмақ», - деді Алматы қалалық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Мақсат Қиқымов.

«Алматы Аренада» «Еуразия барысын» өткізу аталған спорт кешенінің әлеуетін байқап көруге мүмкіндік бермек. Өйткені, бұл спорт нысанында 2017 жылдың қаңтар-ақпан айында қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары мен мәнерлеп сырғанау және керлингтен сайыстар өтеді. Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап, «Алматы Аренада» қазақ күресімен айналысуға арналған зал ашылады деп жоспарланған. Онда күн сайын, Алматы тұрғындарына арнап, аталған спорт түрінен күндізгі және кешкі жаттығулар өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или