Мырзағали Айтжанов: «Дусматовқа Баркер кубогын табыстағанда бүкіл әлем күлді»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиада ойындарында үздік техникалық шеберлігі үшін берілетін «Вэл Баркер» кубогы туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды baq.kz.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Менің ойымша, бұл кубок әлемнің үш дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крузға берілу керек. Бұл менің ойым ғана емес. Олимпиадаға өз құрамаларын апарған бапкерлер де осылай ойлайды. Екінші орынға Робейси Рамиресті қояр едім. Ол екі мәрте Олимпиада чемпионы атанды. Дусматовқа кубокты табыстағанда бүкіл әлем күлді. Ол – Олимпиада чемпионы. Бірақ, әлем чемпионатының жүлдегері емес. Бір Олимпиаданы ұтты деп «Вэл Баркер» кубогын беру түсініксіздеу болды. Бұл туралы сөз қозғамай-ақ қояйық. Ал, үшінші орынға қазақ боксшыларын қояр едім. Данияр, Әділбек, Василий үшеуі де лайықты болды», – деді Мырзағали Айтжанов.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Рио Олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или