Василий Левит: «Тищенкомен тағы да кездесуге дайынмын»

Бүгін Астанада Олимпиада жүлдегерлерімен өткен кездесуде Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен тағы да жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтты.

«Егер мұндай мүмкіндік туып жатса, неге жұдырықтаспасқа? Мен кездесуге дайынмын, маған бұл қиын емес. Жекпе-жекке шыққанда қашан да жеңіске жеткің келеді. Егер ол ұсынса, қуана қабылдаймын», - деді Левит.

Дегенмен, қазақстандық боксшының айтуынша, Тищенко алтын медальді сыйлайтын болса, оны қабылдамайтын еді.

«Қанша адам болса, сонша пікір бар. Мен оны адам ретінде жақсы түсінемін. Жүлдені қалай жеңіп алғаны да маңызды емес. Кім өз медалін бергісі келсін. Олимпиадаға барғандардың барлығы жеңіске жеткісі келеді, қол жеткізгеніне қуанады. Сондықтан ол не үшін маған медалін беруі керек? Мен оны, тіпті, алмайтын да едім. Маған күміс медаль берді. Екінші медальді қайтемін?», - деді Левит.

Сондай-ақ, Василий өз мансабын әзір бтірмейтінін де айтып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Василий Левит бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Финалда қазақстандық боксшы ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалған болатын. Артынша финалдың әділетсіз өткенін жанкүйерлер мен бокс мамандары жарыса жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или