Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычкоға үш бөлмелі пәтер берілді

Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычконы өзінің туған жері Қостанай облысы Рудный ауылында қызыл кілеммен күтіп алды.

Тengrinews.kz порталының мәлімдеуінше, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Иван Дычконы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Рудный ауылының әкімі Бақытжан Ғаязов пен облыс әкімінің орынбасарлары құттықтады. Содан жүлдегерге облыс орталығында орналасқан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда қазақстандық спортшы ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төреші де Дычко басым болды деп шешті. Екінші раунда екі боксшының да шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, есеп теңесті. Қорытынды раундты төрешілер ағылшынның пайдасына шешті. Жекпе-жек қорытындысында Джо Джойс жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Дычко Қазақстан қоржынына 16-шы медалді салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или