Головкин: «Бәрі «Менің сенімен жұдырықтасқым келеді, бірақ қазір емес» деп айтады»

Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин Карл Фроч пен кіші Крис Юбенктің өзімен жұдырықтасудан бас тартуы жайлы пікірін айтты.

«Бәрі қалыпты. Әңгіме Карл Фроч пен Крис Юбенкте ғана емес. Мұндай нәрсе бірінші рет болып тұрған жоқ, кәсіпқой деңгейге ауыспай тұрғанда да солай болған. Әуесқойда Лучиан Буте, Андре Дирреллді, бәрін де жеңдім. Мен кәсіпқойға ауысқанна кейін екі жылда Феликс Штурм, Дэниел Гил, Котто, Канело - бәрі де менімен жұдырықтасудан бас тартты.

Ешкімнің жұдырықтасқысы келмейді. Фроч пен Юбенк мен үшін жаңа дүние емес. Олар көп сөйлейді. «Менің сенімен жұдырықтасқым келеді, бірақ қазір емес, бес жылдан кейін» деп айтады, - дейді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или