Астана Олимпиада жеңімпаздарын қарсы алды

Астана Олимпиада жеңімпаздарын қарсы алды

Астана Рио Олимпиадасынан олжалы оралған спортшыларды қарсы алды.

Астана халықаралық әуежайына жиналған елорда тұрғындары мен қонақтары спортшыларымызды ыстық ықылас пен қошаметке бөледі. Риода өткенен жазғы Олимпиада ойындарынан алтын медаль алған Данияр Елеусінов, күміс жүлде еншілеген Василий Левит пен Гүзел Манюрова, қола медаль иеленген Иван Дычко сынды спортшыларымызды күтіп алу үшін әуежайға тола жиналған жұрт еліміздің көк байрақтарын желбіретіп, «Қазақстан! Чемпион!», «Василий, Чемпион! » деген ұранмен әуежай алдын үлкен мерекеге айналдырды.

Әсіресе xалық боксшы Василий Левитке көп қолдау көрсетті. Естеріңізде болса, 016 жылдың 16 тамызында Рио-де-Жанейроның Rioсentro кешенінде бокстан 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жек үлкен даумен аяқталды. Кездесу нәтижесі бойынша, Ирландия, Колумбия және Алжир төрешілері жеңісті Евгений Тищенкоға берді. Дегенмен барша әлем қауымдастығы және өзге де беделді сарапшылар мен әлемдік БАҚ бұл кездесудің нәтижесі әділсіз болды деп есептейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или