Левит-Тищенко финалының нәтижесі - АІВА саясатының жемісі - ресейлік тілші

Левит-Тищенко финалының нәтижесі - АІВА саясатының жемісі - ресейлік тілші

Қазақстандық Василий Левит пен ресейлік евгений Тищенко арасындағы финалдық жекпе-жектің дауы - AIBA ұйымының медальдарды тарату саясатының нәтижесі, деп санайды «Советский спорт» тілшісі Дмитрий Спирин.

«Біз бұл жекпе-жекті неше рет көрсек те, қалай көрсек те Василий Левит бұл кездесуде үздік болғанын аңғаруға болады. Әрине, қазақстандық боксшы алтын медальға лайық болды. Бұл жерде төрешілердің қателегі емес, АІВА-ның медальдарды үлестіру саясатын айту керек. Яғни, Ресей өзінің «алтынын» алды. Бірақ, бұл жағдай келесіде өзбек боксшыларының жолын ашты. Біздің боксшылар Алоян мен Дунайцев өзбек боксшыларымен шығып, тең дәрежеде жұдырықтасқанымен, жеңісті өзбектерге берді. Демек, ұйым ресейлік боксшылардың Олимпиада ойындарындағы жүлделерін санап берді. Жоспар бойынша бір алтын, бір күміс және екі қола медальды алуы керек болған. Рубянский ұйымдастырмақ болған Левит-Тищенко жекпе-жегі орын алады деп үміттенемін. Бірақ бұл жекпе-жек Олимпиада чемпионына керек пе? Мүмкін, Левит кәсіпқой боксқа ауысады. Оның жасы жиырма сегізде болғанымен, кәсіпқой боксқа төселіп қалған жағдайы бар. Оған сәттілік тілегім келеді», - деді Спирин.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық жекпе-жекте Левит төрешілердің шешімімен Тищенкоға жеңілген болатын. Бірақ, залдағы көрермен Тищенкоға наразалық білдіріп, марапаттау рәсімінде де боксшыға көңілі толмайтынын көрсеткен болатын.

Подробнее:http://vesti.kz/olympic/225257/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или