Рио Олимпиадасының жүлдегері кезінде ұлттық құрамадан қуылған

Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ауыр атлет Карина Горичеваны төмен көресткіші үшін үш жыл бұрын Қазақстан құрамасының сапынан шығарып та жіберген. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді.

-Бұл 2013 жыл болатын. Ауыр атлетикадан бас маман, болгариялық бапкер Энвер Туркелери мені Астанадағы турнирде өте төмен көрсеткішім үшін ұлттық құраманың сапынан шығарып жіберді. Мен мұңайып, қирап қалғаным жоқ. Өз бапкерлерім де қамығуға жол бермеді. Вилорий Викторович пен Сергей Седов мені осы үш жылда жаттықтырды,- деп еске алады Карина Горичева.

Карина Горичева спорттағы мансабын 15 жасында бастаған. 8-ші сыныптан бастап, ол Талдықорғандағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқыды.

- Аптасына алты күн қатарынан, күніне 2 реттен дайындықта болдық. Әсіресе, жүктеменің жүйелі болуы шарт: ол үшін ұйқы, тамақтану мәселесінде тәртіп керек. Жаттығуымды бастаған алғашқы 3 айда жасөспірімдер арасында спорт шеберінен үміткер болдым. Әрине, құлаған да, шарықтаған да сәттерім болды. Екі рет сіңірімді созып алдым. Қалпыма келіп, қайтадан жалғастыру қажет болды. Ауыр атлеттер жүктемесін өздеріңіз білесіздер, жеңіл емес. Оның ауырлығы сондай, кей түндері түнімен ұйықтай алмай шығатынмын, - деді Карина Горичева.

Еске сала кетейік, ауыр атлетіміз Рио Олимпиадасында 63 келі салмақ дәрежесі бойынша, қос сайыста 243 келі (111-132) көтеріп, қола медаль ұтып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или