АИБА қазыларға ортаңғы саусағын көрсеткен боксшыны жазалайды

АИБА қазыларға ортаңғы саусағын көрсеткен боксшыны жазалайды

АИБА  президенті Чинг-Куо Ву ирландиялық боксшы Майкл Конланды жазалауға уәде берді. Ол Рио Олимпиадасының ширек финалында ресейлік Владимир Никитинге жол берген соң қазыларға ортаңғы саусағын көрсеткен болатын.

Конлан АИБА-ны парақорлар деп, ресейлік тарап қазыларды сатып алғанын мәлімдеген еді.

«Ресейліктер бұл жолы допинг қабылдай алмады, сондықтан төрешілерді сатып алғаны анық», - деді Майкл.

«Конлан төрешілерге ортаңғы саусағын көрсетті. Олар ресми тұлғалар ғой, адамдарды кемсітуге болмайды. Ол өзін қиын жағдайға қойды. Бұдан кейін тәртіптік жазалар болады. Нәтижеге көңілің толмаса, қазыларға кінә артуға болмайды. Бұл оны жазалағысы келетіндердің назарын аудартты. Біз бұл мәселе жөнінде тәртіптік комиссия құрамыз», - деді Ву.

Естеріңізде болса, 56 кг дейінгі салмақта Майкл Конлан ресейлік Владимир Никитинге төрешілердің шешімімен жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или