Риода моңғол бапкерлері қазыларға наразылығын білдіріп, киімдерін шешіп тастады

Рио Олимпиадасының соңғы күні тағы бір даумен аяқталды.

Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Мандахнаран Ганзориг пен өзбекстандық Ихтиер Наврузовтың қола медаль үшін таласқан.

Жекпе-жектің соңғы минуттарында моңғолиялық балуан 7:6 есебімен ұтып жатты. Осы кезде Ганзориг қарсыласынан қашқақтай бастаған. Ал кездесудің аяқталғаны жөнінде белгі берілгенде моңғолиялық спортшы мен оның бапкерлері жеңіске қуана бастады, алайда олардың қуанышы су сепкендей басылды. Себебі таблода кездесу тең (7:7) аяқталды деген есеп көрсетілген. Артынша 8:7 есебін тіркеп, жеңісті өзбекстандық Наврузовқа беріп жіберді.

Осыдан кейін дау басталды. Соңында моңғолиялық бапкерлер кілемнің үстінде шешініп тастап, ол жерден кетуден бас тартқан. Осы наразылыққа қарамастан, кездесудің төрешілері өз шешімдерін өзгертпей, турнирдің қола жүлдегері Өзбекстан балуаны деп қалдырды. Риода Моңғолия құрамасы бір күміс және бір қола медальді иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или