Қазақстан Рио Олимпиадасын 22-ші орынмен аяқтады

Рио Олимпиадасының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 17 медаль ұтып алды.

Еншімізде 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль бар. Бұған дейін Қазақстан Олимпиадада осынша көп жүлде алып көрмеген болатын. Мұндай көрсеткішпен спортшыларымыз Рио Олимпиадасында медальдар есебі бойынша 22-ші орынға табан тіреді.

Көшбасында 121 медаль алған АҚШ тұр - 46 алтын, 37 күміс және 38 қола. Ұлыбритания екінші сатыда - 67 (27-23-17). Қытайлықтар Олимпиаданы үшінші орында аяқтады - 70 (26-28-26).

Жалпы алғанда, турнирге қатысқан 207 мемлекеттің ішінде 78-і медаль еншілепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или