Хасанбой Дусматов – Вэл Баркер кубогының иегері

49 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанған өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Вэл Баркер (турнирдің үздік боксшысы) кубогының иегері атанды.

Рио-да 23-жастағы Дусматов қазақстандық Біржан Жақыповты жарыс жолынан шығарған болатын. Финалда өзбекстандық боксшы колумбиялық Юрберьен Мартинесті ұтты.

Жақында ғана белгілі болғандай, Хасанбой оңтүстік африкалық «Golden Gloves» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, кәсіпқой боксқа ауысты.

Сондай-ақ, бокстан Өзбекстан құрамасы Рио Олимпиадасында «үш алтынға» қол жеткізіп, жарыстың ең үздік командасы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2012-ші жылы Лондон Олимпиадасында Вэл Баркер кубогын отандасымыз Серік Сәпиев иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или