Туымызды ұстап шыққан Жапаров алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Туымызды ұстап шыққан Жапаров алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық таэквондошы, ұлттық құраманың туын алып шыққан Руслан Жапаров Риода жүлдеге қол жеткізеді деген жанкүйерлерінің үмітін ақтай алмады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол тісқаққан азербайжан  спортшысы Радик Исаевпен кездесті. Жекпе-жек азербайжандықтың белсенділігімен басталды, ол Русланды айқын басымдықпен ұтты, есеп - 11:2.

Еске сала кетсек, Руслан Жапаров Риодағы Олимпиада жүлдесі үшін сайысқа шыққан соңғы таэквондашы.

Бұған дейін Айнұр Есбергенова мен Жансель Дениз жарысты алғашқы кездесулерін жеңіліспен аяқтап, елге оралған болатын.

20 жастағы Р. Жапаров Жамбыл облысының тумасы, ҚР спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының үшінші курс студенті.

Руслан Жаппаров Олимпиада жолдамасына 16 сәуірде филиппиннің Манила қаласында өткен Азия біліктілік жарысында қол жеткізді. Ол палестиналық Бахри Танрикулуды - 10:6 және пәкістандық Атиефа Аршаданы - 3:1 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или