Том Леффлер: «Қазір Головкинді жеңе алатын боксшы әлемде жоқ»

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының британиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

«Брукқа қарсы кездесуде Геннадийде қиындық болмауы тиіс. Алдыңғы 22 қарсыласы секілді оны да нокаутпен жеңуі керек. Меніңше, бүгінде Головкиннен мықты боксшы жоқ. Брук жекпе-жегінің стилі - оның тұрысы. Бұның бәрі маңызға ие емес. Геннадий барлап, күтіп жүреді де, жойқын соққы жасайды. Абель Санчес ол үшін жақсы стратегия жасап шығарды. Қазір Головкинді жеңе алатын боксшы әлемде жоқ», - деді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин мен Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы О2 аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или