Қазақстан медальдар есебі бойынша 20-шы орында

Рио Олимпиадасының 13-ші сайыс күні еліміздің қоржынына екі қола медаль салды.

Қос боксшымыз Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалда жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты. Еншімізде 17 медаль бар - 3 алтын, 5 күміс және 9 қола. Осындай көрсеткішпен Қазақстан 20-шы орында тұр.

Көш басындағы АҚШ 105 жүлдеге қол жеткізді - 38 алтын, 35 күміс және 32 қола. Екінші орында Ұлыбритания спортшылары келеді - 60 (24-22-14). Қытай үшінші орында - 65 (22-18-25).

Жалпы алғанда, Рио Олимпиадасына қатысып жатқан 207 мемлекеттің 75-і медаль алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или