Иван Дычко: «Әуесқой бокстан кетуім мүмкін»

Иван Дычко: «Әуесқой бокстан кетуім мүмкін»

Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко жартылай финалдадағы жеңілісі туралы пікірін айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

- Шаршап қалдым. Екінші раундтың аяғына таман шаршағанымды сезе бастадым. Бірінші раундта мен жеңдім, екіншісінде тең болғандаймыз. Ал үшіншісіне күшім жетпеді. Жанар-май таусылғандай болды. Жауап беруге мүмкіндік болса - жауап бердім. Ол соны пайдалана алды. Оның физикалық дайындығы жақсырақ екен.

- Алдағы жоспарың қандай?

- Жақсы мүмкіндік пен ұсыныс болып жатса, соны қарастырамын. Сонымен айналысатын адамдармен сөйлесемін. Ал әзірше аз уақыт демаламын.

- Демек, әуесқой бокстан кетесіз бе?

- Қазір нақты айта алмаймын, бірақ кетуім мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или