Иван Дычко Риода қола алды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық боксшы жартылай финалда Ұлыбритания елінің боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасқан болатын.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Иван алғашқы раундта ширақ қимылдады. Қарсыластың соққыларынан қашып жүріп, соққыларын дәл тигізді. Бірінші раунд Иванның еншісіне жазылды. Екінші раундта екі боксшы да шаршады. Ұлыбританиялық боксшы көп соққысын дарытып, есепті теңестіріп алды. Шешуші раундта екеуі де аянып қалмады. Ұлыбританиялық боксшы белсенділік танытып, финалға өтті. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или