AIBA Левитке алтын медальды қайтаруы мүмкін

AIBA Риодағы Олимпиада ойындарында орын алған даулы оқиғаларға байланысты бірнеше қазыны жұмыстан шеттетті.

Халықаралық бокс қауымдастығы 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы даулы жекпе-жектер туралы ресми ақпатарат таратты, деп хабарлайды отандық БАҚ.

Риода көрсетіліп үлгерген 239 жекпе-жекті сараптай келе, ұйым қазылардың кейбір шешімді қажетті деңгейде қабылдамаған деген қорытындыға келген. Қателікке бой алдырған қазылар Олимпиада аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ, ұйым қандай жекпе-жектерде қате кеткені жайлы ашып айтпады.

Жалпы, Олимпиада тарихында жеңісті қайта қараған сәт болған. 2012 жылы Олимпиада ойындарында AIBA әзірбайжан боксшысы Магомед Абдулгамидовтың жеңісін жоққа шығарып, жапониялық боксшы Сатоши Шимидзуға берген болатын. Қазылар соңғы раундта бірнеше рет нокдаунды санамаған. Сондықтан, Левитке алтын медалін қайтарып беруі әбден мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Василий Левит финалдық жекпе-жекте ресейлік Евгений Тищенкоға 0:3 есебімен жеңілген болатын. Бірақ, бұл жекпе-жек қоғамда қызу талқыланып, жеңіс қазақстандық боксшыға берілу керектігі айтылған болатын. Тіпті, қазақстандықтар жекпе-жек қорытындысы қайта қаралуын талап ететін петиция жариялап, 20 мың қол жинап үлгерген. Алайда бұл интернет петиция орта жолда бұғатталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или