Левит - Тищенко жекпе-жегінің қазылары Олимпиададан шеттетілді

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио Олимпиадасынан шеттетілген төрешілердің аты-жөнін жария етті.

Шеттетілген төрешілердің қатарында қазақстандық Рақымжан Рысбаев та бар. Сондай-ақ, Мик Бэйси (Ұлыбритания), Хейра Сиди Якуб (Алжир), Майкл Галлахер (Ирландия), Мариуш Горний (Польша), Херардо Погги (Аргентина) мен Владислав Малышев (Ресей) Олимпиададан шеттетілді.

Айта кетейік, шеттетілген үш қазы қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегінде төрелік еткен еді. Сол кезде Погги рингте төреші болса, Якуб пен Галлахер қазы ретінде қызмет атқарған. Жекпе-жекте Левит көп соққы жасап, қарсыласынан басым болғанымен, төрешілер жеңісті Тищенкоға беріп жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или