Қазақстанның мұсылмандар одағы Олимпиада ойындарына мораторий жариялауды ұсынды

Қазақстанның Мұсылмандар одағы (ҚМО) мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандар комитеті (ОАМК) Халықаралық олимпиада комитетіне Олимпиада ойындарын 2024 жылға дейін тоқтата тұру ұсынысын тастады.

Nur.kz сайтының хабарлауына, мұсылман заң қорғаушылары Олимпиада ойындарының беделіне нұқсан келтірген оқиғаларды саралап, қажетті шаралар қолдану үшін үзіліс жасау қажет деп санады.

«Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Мұсылмандар комитеті басшылығы халықтарды жақындастырып, өзара жақсы қарым-қатынас орнатуға бағытталған Олимпиада ойындарының игі мұраты бүгінде өз мәнін жойған деп есептейді. Адал сайыстардың орнына қатаң саяси бәсекелестікті, бұған дейін болмаған жемқорлықты және Олимпиада ойындарына монополия орнатуға деген ұмтылысты көріп отырмыз. Допингтің кең таралу жайты да қатты алаңдатып отыр, себебі бұл адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Бұл тұста «Әлемге Олимпиада ойындары қажет пе?» деген заңды сұрақ туындайды?!», - деп жазды олар.

Қазақстанның Мұсылмандар одағы (ҚМО) мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандар комитеті (ОАМК) Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа жазған хатында Олимпиада ойындарын өткізуге мораторий жариялауды және оны 8 жылдан соң қайта қалпына келтіруді ұсынған.

«Менің ойымша, бұл уақыт Халықаралық Олимпиада ойындары құрылымына қажетті реформалар жүргізу және Олимпиада қозғалысын сауықтыру үшін үшін жеткілікті болады» - деп жазды өз хатында Мұрат Телібеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или