Балуандарымыз медаль алмайды, боксшыларымыз жеңіледі. Букмекерлер не дейді?

Рио Олимпиадасының 13-ші сайыс күнінде балуандарымыз бен боксшыларымыз өз өнерлерін жалғастырады.

Осы тұста букмекерлік кеңселердің болжамдарына көз жүгірттік.

Еркін күрес

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еліміздің атынан Нұрислам Санаев шығады. Нұрисламның жеңімпаз атанатынына букмекерлер 17 коэффициент беріп отыр. Оның 1/8 финалдағы қарсыласы Владимир Хинчегашвили фавориттер қатарында - 4.5 коэффициент.

74 келіге дейінгі салмақта Ғалымжан Өсербаев жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Оның да турнирде топ жаруына 17 кф берілді. Ал іріктеудегі қарсыласы молдовалық Евгений Неделькоға 30 кф ұсынылған.

Бокс

Букмекерлік кеңселер 75 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдағы Дариға Шәкімова мен Кларесса Шилдс жекпе-жегінде америкалықтың жеңіске жететініне сенімді. Негізі Шилдс осы салмақтағы ең айқын фаворит саналады.

Дариға Шәкімованың жеңісіне - 8 кф

Кларесса Шилдстің жеңісіне - 1.08 кф

91 келіден жоғары салмақта Иван Дычко сынға түседі. Қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық Джозеф Джойс болмақ. Бұл жекпе-жекте де біздің боксшы аутсайдер саналады. Букмекерлік орталықтардың болжамынша, Джойс осы салмақта алтын алады.

Иван Дычконың жеңісіне - 3.1 кф

Джозеф Джойстың жеңісіне - 1.35

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или