Қазақстан 20-шы орынға түсіп қалды

Рио Олимпиадасының 13-ші сайыс күнінде Қазақстанның қоржынына бірнеше медаль түсті.

Әділбек Ниязымбетов пен Гюзель Манюрова күміс медальдан еншілесе, Екатерина Лорионова қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, бүгінде еліміздің қоржынында 15 медаль бар - 3 алтын, 5 күміс және 7 қола. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан медальдар есебі бойынша 20-шы орында тұр.

Көш басында АҚШ өз медальдар санын 100-ге жеткізді - 35 алтын, 33 күміс және 32 қола. Екінші орындағы Ұлыбританияда 56 (22-21-13) жүлде бар. Үздік үштікті қытайлық спортшылар түйіндеп тұр - 58 (20-16-22).

Жалпы алғанда, Рио Олимпиадасында 207 мемлекеттің ішінде 71-і медаль еншілеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или