Олимпиада қалашығында болған олқылықтар, Атлеттер қалашығын айналып өтпек

Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындары аяқталуға жақындап келеді.

Бұл ойындар туралы кейбіреулер оң пікірін айтса, керісінше келеңсіз жағдайдарды жіпке тізгендер көп болды. Соның бірі спортшылар тарапынан Олимпиада қалашығына айтылған сын пікірлер.

Дәретханалардағы қолаңса иіс, арзан жиһаз, масалардың көптігіне шүйліккен кейбір елдердің спортшылары Риодағы Олимпиада қалашығын тастап, өзге жерге тұруға мәжбүр болды. Бұл Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің атына кір келтірді. Осы орайда, «Проспорт» тілшісі 2017 жылғы қысқы Универсиадаға арнап салынған Атлеттер қалашығындағы жағдайды зерделеп көрді.

Қазір, Атлеттер қалашығы 90 пайызға дайын. 2016 жылдың 30-шы тамызында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі. Айта кету керек, бұрын-соңды қысқы Универсиадалар тарихында Атлеттер қалашығы болған емес.

Универсиаданы ұйымдастыру комитеті, жарысқа қатысушы 2000-нан астам спортшының бір жерде тоғысып, орналасуын қалағандықтан, 5000 орынға арналған Атлеттер қалашығын салуды ұйғарған.

Атлеттер қалашығы 10 тұрғын үйден тұрады. Бұл үйлердің барлық құрылысы аяқталған, қазір аумақта безендіру жұмыстары жүргізілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Атлеттер қалашығында әлеуметтік инфрақұрылым мен көлік торабы дамытылады. Бұл Алматы қаласының Алатау ауданының дамуына серпін бермек.

Барлық үйлер, Универсиада аяқталған соң халыққа қолжетімді тұрғын үй ретінде кепілге берілетіні қуантады. Өйткені, қазір баспана ала алмай жүрген халықтың қарасы көп. Бұл сол олқылықтың орнын толтырмақ.

Атлеттер қалашығының 29 000 шаршы метрін құрайтын коммерциялық аймағында жергілікті тұрғындарға, ауданға арналған дүкендер, кафе, фуд-корттар, фитнес-орталықтары, аурухана, банк, пошта қызметі, полиция бөлімшелері, қызмет көрсету орталықтары мен сұлулық салондары іске қосылмақ.

Жалпы айтқанда, ұйымдастырушылар, Рио Олимпиадасында болған келеңсіз жағдайлардың алдын-аламыз деп отыр. Атлеттер қалашығы, Олимпиада қалашығынан асып түспесе, кем болмайтынын алға тартады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или