Данияр екеуміз бауырлас екі елдің достары болып қала береміз – өзбек боксшысы Гиясов
<span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px;">Өзбекстан боксшысы Шахрам Гиясов Олимпиада чемпионы атанған Данияр Елеусіновты жеңіспен құттықтады. Финалда жерлесіміз өзбек боксшысын айқын басымдықпен жеңген болатын, деп хабарлайды Baq.kz.
<span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px;">«Қазақстанды алтын медальды жеңіп алуымен құттықтаймын! Бұндай жекпе-жек үшін рақмет! Финалда маған сәл сәттілік жетпей қалды. Енді, бәріміз де өз елімізді, халқымызды қуантамыз деп, рингте барымызды саламыз ғой. Бүгін қарсылас әрі досыма қарағанда, маған сәттілік серік болған жоқ. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Алайда рингте біз бір-бірімізге жол бермесек те, рингтен тыс жерде доспыз. Бауырлас екі елдің достары болып қала береміз», - деп атап көрсетті Гиясов.<br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px;" />
<span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px;">Айта кетейік, XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Данияр Елеусінов өзбекстандық Шахрам Гиясовты айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Данияр қорғана жүріп ұрыс салды. Жерлесіміз бірінші раундта бірнеше соққысын қарсыласқа өткізе алды. Ал өзбек боксшысының соққылары діттеген жеріне жетпей жатты. Көбіне ауа қармады. Екінші раундта да жерлесіміз ширақ қимылдап, басымдықты қолдан бермеуге тырысты. Соңғы шешуші раундта ұлттық құраманың капитаны бір бас жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде әлем чемпионы, Азияның екі дүркін жеңімпазы атанған Даниярға Олимпиаданың алтыны да бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или