Данияр менің ғана балам емес, халықтың баласы - Марат Елеусінов, Даниярдың әкесі

Данияр менің ғана балам емес, ол халықтың баласы. Бұл туралы бүгін Данияр Елеусіновтың әкесі Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Бүгін Данияр халықтың үмітін ақтады. Сол үшін қатты қуанып жатырмыз. Мен ғана емес, бүкіл қазақ елі қуанып жатыр. Данияр менің ғана балам емес, ол бүкіл халықтың баласы», - деп атап өтті Марат Елеусінов.

Сондай-ақ, финалдағы қарсыласы мен жекпе-жек туралы да өз ойымен бөлісті.

«Өздеріңіз білесіздер! Данияр жартылай финалда үлкен жарақат алды. Қабағы тура көзінің жанынан терең жыртылып кетті. Жыртылған жерін бір емес, екі рет тіктірдік. Финалда өте қиын болады-ау, деп қорыққанымызда жасырын емес. Себебі, қарсыласы оның жараланған жерін көздеп соққы жасайтыны анық еді. Сосын, біз Даниярға қарсыласын жақсылап зерттеп, өзгеше айла-тәсіл жасауды тапсырдық. Тек аяқпен жұмыс істеп, қарсыласыңды шегіне жүріп соққы жаса, бірден өзің алға ұмтылма деген болатынбыз. Ол тапсырманы ойдағыдай орындады. Өзіне көп соққы дарытпады. Соның нәтижесінде жеңіске жетті», - деп атап өтті Даниярдың әкесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или